Құрмыш ауданында қылмыстық ахуал тұрақты
Жаяулардың жолында жүретін көлік жүргізушілеріне қандай жаза қолдану керек? Балабақшалар, мектептер, балалар ойын алаңдары маңына көлікпен кіруге тыйым салатын жол белгісін орнатуға бола ма? Бүгін Құрмыш ауданының тұрғындары ішкі істер департаменті басшылығымен кездесіп, көкейдегі сауалдарын қойды. №1 аумақтық полиция бекеті "Шығыс" базары маңындағы жатақханалардың бірінде орналасқан. Ішкі істер департаменті басшылығының қоғамдық қабылдауы осында өтті. Аудан халқының мұң-мұқтажын тыңдау үшін полицейлер екі сағат уақытын бөлген. Тұрғындардың сұрақтарына департамент бастығының орынбасарымен бірге қалалық ішкі істер, облыстық жол полициясы және көші-қон басқармаларының басшылығы да жауап берді. Қоғамдық қабылдауға алғаш болып кірген мына тұрғын сауалын жол инспекторына жолдады. Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Алтынбаевтың айтуынша, бұл жағдайда балабақша басшылығы қалалық білім бөліміне ұсыныс түсіруі шарт. Ал ойын алаңдары мен жаяулар жүретін аумақтарға тиым белгісін тұрғындар пәтер иелері кооперативі жетекшісімен келісіп өздері орнатуы тиіс. Заречный ауылының тұрғыны Жұмажан Жұлаев Құрмыш ауданына ғана емес, қалаға ортақ мәселені көтерді. Құрмыш ауданындағы халық саны қазір 12 мыңнан асады. Ауданда үш айдың ішінде 118 қылмыс тіркелген. Екеуі - кісі өлтіру. Дегенмен, қолда бар көрсеткіштерді саралай келе, Құрмыштағы қылмыстық ахуал тұрақты, дейді облыстық ІІД бастығының орынбасары Қаныбек Жақсығалиев. Тұрғындар қоғамдық қабылдауда мәселе етіп көтерген тағы бір жайт - Құрмыш ауданындағы көшелердің жарықтандырылмауы. Жарығы жоқ көшеде қылмыс жасау да ыңғайлы, -дейді жергілікті халық |
Количество показов: 2569
Дата создания: 28.03.2013 18:36:12