Құрмыш ауданында қоқыс жәшіктері жеткіліксіз
Кобозев, Бурабай көшелерінде жер үйлер орналасқан. Осы үйлерден шығарылған тұрмыстық қалдықтар жол бойына қалдырылған. Қалталарды тіміскіленген ит-мысық жыртып, қоқыстарды шашып кетеді. Ал Әліби Жангелдин көшесіндегі контейнерлер бос. Алайда, қоқыс алаңының айналасы өте лас. Ірілі-ұсақты қалдықты кей жауапкершілігі төмен тұрғындар жәшіктің ішіне салмай, осылай айналасына лақтырып кетеді. Ал қоқыс жәшіктерін босатумен ғана айналысатын коммуналдық кәсіпорын жұмысшылары оларды жинауға міндетті емес. Нәтижесінде қала ішінде әр жерде шағын қоқыс полигондары қалыптасады. Құрмыш ауданының тазалығына "Клин Сити" және "Таза Қарғалы" мердігер мекемелері жауапты. Олар белгіленген кесте бойынша жұмыс жасайды. Бұл аумақтағы көп қабатты үйлерде күнде, ал жер үйлердің қоқыстары аптасына екі рет жиналады. Егер, уақытында қоқыс жәшіктері тазартылмаса, жауапты мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Айта кетейік, бұған дейін міндетін дұрыс атқармаған "Таза Қарғалы" мекемесіне әкімшілік айыппұл салынған.
Количество показов: 566
Дата создания: 28.11.2022 18:21:21