Өңірге ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев келді
ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Батыс-2 ауданында салынып жатқан спорт кешенінің құрылысымен танысты. Кешен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған. Келер жылы тапсырылуы тиіс. Жобаның жалпы құны 2,1 млрд теңге. Бұл қаржының 761 млн.теңгесі игерілген. Спорттық нысан қашан дайын болады? Мүмкіндігі шектеулі жандарға қандай мүмкіндіктер қарастырылған? Мүгедектерге арнап салынып жатқан спорт кешені Батыс-2 ауданында орналасқан. Құрылыс былтыр басталды. 2023 жылы аяқталуы тиіс. Жалпы алаңы 4800 шаршы метр. Ішінде 200 адамға лайықталған әмбебап зал, тренажер мен теннис, күреске арналған жаттығу залдары мен бассейн болады. Спорттық кешеннің ауласы кең. Мұнда атлеттерге арналған кәсіби жүгіру жолағы салынады деп жоспарланып отыр. Қазақстанда әзір баламасы жоқ кешен халықаралық жарыстар, паралимпиадалар өткізуге қауқарлы.Өңірімізде 28 мыңнан астам мүгедек жанның спортқа қызығушылығы бар. Олардың 1400- і спортпен белсенді түрде айналысады. Паралимпиада жеңімпаздары мен чемпиондар аз емес. Ал шаһарамызда мұндай жандарға арналған спортзал да жоқ. Құрылыс жұмыстарына "Интерстиль" серіктестігі жауапты. Құрылыстың жоспарымен танысып, тапсырыс берушімен тілдескен министр, келер жылы нысанның ашылу салтанатына қатысатындығын айтты.
Количество показов: 1067
Дата создания: 12.08.2022 17:09:58