Өңірдегі азық-түлік бағасы қарапайым халыққа қолжетімсіз болып барады
Өңірдегі азық-түлік бағасы қарапайым халыққа қолжетімсіз болып барады. Соңғы бір аптада күнделікті тұтынатын тағамдардың құны 0,3 пайызға өскен. Оның ішінде пияз 5,6 пайызға, сәбіз 1,3, картоптың бағасы 2,2 пайызға қымбаттаған. Бұл аптада ешбір тағам түрі арзандамаған. Бұл туралы бүгін облыстық статистика департаментінің басқарма басшысы Шара Нұрпейісова мәлімдеді.Қазір қаладағы гипермаркет желілерінің бірінде 2 келілік ұн 610 теңгеден, 1 литрлік күнбағыс майы 680, қанттың келісі 415, күріш 496, қарақұмық жармасы 441 теңгеден босатылуда. Макарон өнімдерінің ең арзаны 303 теңге. Ал көкөністерден жуаның келісі 194, картоп 136, сәбіз 152 теңгеден сатылуда. Тұрғындардың сөзінше, бір айлық жалақы күнделікті азық-түліктен ауыспайды. Тәтті-дәмді аспен өздерін мереке күндері ғана қуанта алатын өңір халқы көп зат таңсық асқа айналды, дейді.Айта кетейік, бір күн бұрын қала әкімі Мұрат Жөребеков 50-ге жуық ірі бөлшек сауда кәсіпорындары, азық-түлік базарлары, жергілікті тауар өндіруші және шаруа қожалықтары басшыларымен өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Құжат негізінде олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына 5 пайыздан артық үстемеақы қоспауға уәде етті.Количество показов: 756
Дата создания: 26.01.2023 13:06:01