Өңірде жұмыртқа бағасы арзандады
Құс фабрикасынан босатылатын жұмыртқа бағасы қаңтар-ақпан айларында арзандаған. Қазір жұмыртқа ондығының өзіндік құны 270-290 теңге. Былтырғы жылдың ақпан айында баға 310-345 теңге шамасында болған. Технолог маманның айтуынша, өнім құнының өзгеруіне құстарға берілетін жем бағасының қымбаттауы тікелей әсер етеді. Жұмыртқаның бағасы өзге азық-түліктерге қарағанда тұрақсыз. Қай уақытта арзандап, қай уақытта құны шарықтап кететінін тұтынушы болжап үлгермейді. Дегенмен, статистика ағымдағы жылдың қаңтар айында еліміздің барлық өңірлерінде жұмыртқа бағасының арзандағанын көрсетті. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, жұмыртқаның сатылымдағы бағасы республика бойынша 385 теңге шамасында. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,1% төмен көрсеткіш.
Количество показов: 582
Дата создания: 23.02.2022 18:08:35