Өңірде қызылша өршіп тұр.
Облыста қызылша жұқтырған 182 адам стационарлық ем қабылдап жатыр. Оның 149-ы қалада. 136 сы бала. Індетті жұқтырғандардың 78%-ы қызылшаға қарсы егілмеген балалар. Облыста қызылшамен ауыратын науқастарға 272 орын дайын , атап айтқанда "Шағала" шипажайында 160, аудандық ауруханаларда 101 керует бар. Қазірде науқастар медициналық көмекті толығымен алып жатыр. Қызылшаға қарсы екпе 1 жаста және 6 жаста беріледі. Енді бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сай елімізде балаларды қосымша иммундау 6 айдан 11 айға дейін және 2 жастан 5 жасқа дейін жүргізілетін болды. Облыста 6 айдан 11 айға дейінгі сәбилерге екпе салу осы жылдың 6 қарашасынан, 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды екпелеу осы жылдың 5 ші желтоқсанында бастау алады. Өңірде қызылша дерті өршіп тұр. Дәрігерлер екпе жасату керек деп дабыл қағуда. Айтуларынша, күн сайын қаладағы ауруханаларға 25 бала түседі екен. Биыл қызылшаға қарсы вакцинаның 72 400 дозасы алынды. Екпе жеткілікті. Қызылша түрлі ауруды қоздыратын ауру түрі. Сондықтан басқа да аурулардың алдын алу үшін дәрігерлер вакцинадан қорықпауға шақырады. Әр адам тұрғылықты мекен-жайы бойынша тегін егілу құқығына ие.Количество показов: 387
Дата создания: 03.11.2023 01:38:36