Бүгін облыстық әкімдікте облыс әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұловтың төрағалығымен су тасқынына қатысты жедел штабтың отырысы өтті. Отырыста облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Марғұлан Аманбаев баяндама жасады. Жиынға аудан әкімдері онлайн қатысты. Қарғалы, Қобда және Ойыл аудандарының әкімдері су тасқынына қарсы атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндады. Өңірде су тасқыны қаупі әлі де сейілген жоқ. Облыстың төтенше жағдайлар департаменті су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізуде. Ғарыштық мониторинг деректері бойынша облыс аумағының 71%-ы қармен жабылған. Ырғыз, Шалқар, Байғанин аудандарының оңтүстік аумақтарында қар толығымен түскен. Өңірдің барлық өзендерінде 7 см-ден 75 см-ге дейін мұз қату сақталады. Қазіргі таңда 3 ірі су қоймасындағы су көлемі жобалық мәннен 28%-дан 36%-ға дейін құрайды. Мұндай деректерді бүгін облыс әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұловтың төрағалығымен өткен жиында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Марғұлан Аманбаев келтірді. Сондай-ақ, бүгінгі отырысқа онлайн қатысқан аудан әкімдері тасқын суға байланысты қатынас үзілген елді мекендерде азық-түлік пен дәрі-дәрмек қоры жеткілікті екенін айтты. Су тасқынына қарсы шараларға аудан әкімдіктері де атсалысып, жағдайды бақылауда ұстап отыр. Шаһардағы жағдай бойынша қала әкімінің орынбасары Дамир Көбенов есеп берді. Құрашасай, Жаңақоныс, Өрлеу және т.б. тұрғын үй алаптарында да су тасқынына қарсы шаралар белсенді жүргізіліп жатыр, деді ол.
Өңірдің төтенше жағдай мамандары су тасқынына қарсы қарқынды әрекет етуде. Өткен тәулікте су тасқынына қарсы штабтарға 858 қоңырау келіп түскен. Бүгінге дейін аймақтардан 10 мың текше метр су сорылды. 2500 қап инертті материал төселді. 3400 текше метрден астам құм әкелінді. Жұмыстарға 658 адам, 359 бірлік техника, 526 мотопомпа тартылды. Жиын қортындысы бойынша Жақсығали Иманқұлов аудан әкімдері мен жергілікті атқарушы органдарға, төтенше жағдайлар департаментіне тұрғындарға барлық тиісті көмекті көрсетуді, су қоймаларын үнемі бақылауда ұстауды, су тасқынына қарсы жұмыстардың қосымша кешенін жедел ұйымдастыруды тапсырды.
Количество показов: 722
Дата создания: 01.04.2022 18:12:48
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>