Өңірде сүт безі обырына шалдыққан әйелдер көбейген.
Бүгін қаламыздың ірі сауда орындарында сүт безі қатерінің алдын алу мақсатында акциялар өтуде. №4 емхананың ұйымдастыруымен де бүгін Алтай базарында "Алдын-алу емделуден оңай" атты акциясы өтті. Бұл жұмысбасты, уақыты жоқ әйел затына деген қамқорлық, дейді дәрігерлер. Білікті мамандар кеңес алуға келген әйелдерді қарап, тексеріп, кеңестерін берді. Қабылдауға психолог мамандар да келген. Кез-келген сұрақ бойынша психолог алдына келген әр қыз-келіншекке кеңесін берді. Аурудың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға 80 нен 100 ге дейін әйелдер текеліп тексеріліп, маммологтың кеңесін алды.Облысымыз бойынша соңғы 9 айда 128 әйелден қатерлі ісік табылып, бәрі де емделуге жіберілген. Сүт безі обырын бастапқыда анықтау қиын, себебі еш белгісіз өтеді. Сондықтан , тек скринингтен өту арқылы қауптің алдын алуға болады,-дейді мамандар. 40 жастан кейін міндетті түрде мамандарға барып, жылына 1 рет тексеріліп тұрған жөн. Скрининг тұрғылықты мекен-жай бойынша тегін. Сүт безі обырын емдеу де мемлекет есебінен жүргізіледі.Количество показов: 379
Дата создания: 13.10.2023 02:20:44