Өңірде көктемгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр
Әскери борышын ерікті өтеушілер саны азайған. Бұл тек Ақтөбеге ңана тән мәселе емес. Әр өңірде әскерден қашатындар бар. Жастардың дені көбіне жалтаратын көрінеді. Мұны ата-аналары да қолдайтыны жасырын емес. Перзенті үшін армия қауіпсіз емес,-деп санайтындар қатары өсіп келеді. Себебі соңғы уақытта әскерге барамын деген жас сарбаздың ауырып, дене мүшесі майып болып немесе қаза табуы жиілеп кетті. Әйтсе де, әскери қызмет бар, болады да. Заң бойынша бала 18-ге толғаннан бастап, әскерге баруға міндетті. Мерзімді әскерге шақырту алған сарбаздардың барлығы психологиялық, кәсіби және медициналық тексерістен өтеді. Қазіргі таңда Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған сарбаздар үшін көптеген мүмкіндік бар. Мәселен, жоғары оқу орындарында тегін білім ала алады, несиелері барларына берешекті өтеу уақыты тоқтатылады. 2024 ж 1- ақпанынан облысымыздан әскерге 390 сарбаз аттанды. Жылдың соңына дейін 1101 бозбала әскерге жіберілуі тиіс. Оның ішінде Қарулы күштерге- 562 адам, Ұлттық ұланға- 360, ҰҚК Шекара қызметіне- 140, ТЖМ-28 және Мемлекеттік күзет қызметіне -11 сарбаз жіберілетін болады.Количество показов: 278
Дата создания: 19.04.2024 06:13:52