Өңірде фтизиопульмонология саласына әлі де білікті мамандар дайындау қажет
Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өкпе ауруларының саны біршама артқан. 100 мың тұрғынға шаққанда көрсеткіш 3,47 пайызды құрайды. Соңғы жылдары туберкулез дертін дер кезінде әрі нақты анықтайтын жаңа технологиялар енгізіле бастады. Бұл саладағы кәсіби дәрігерлердің біліктілігін көтеретін уақыт жетті, дейді облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері Ерлан Тәтімов. Облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері Ерлан Тәтімов атқарушы биліктің араласуымен фтизиатр дәрігерлердің біліктілігін арттыру шаралары қолға алына бастағанын айтты. М. Оспанов атындағы БҚМУ- не жергілікті әкімшіліктен гранттар бөлініп, дәрігерлерге оқу орнының резидентурасында білім алуға мүмкіндік туып отыр. Бүгін фтизиопульмонология саласының мәселелері талқыланған конференцияда эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шаралары талқыланды. Сондай-ақ бұл жиында туберкулез дертін емдейтін арнайы ауруханалардың өкілдері де осы саладағы бірқатар мәселелерді алға тартты.
Количество показов: 615
Дата создания: 18.11.2022 19:28:58