Өңірде егін жинау науқаны кешеуілдеп жатыр
Облысымызда егін жинау науқаны кешеуілдеп жатыр. Диқандардың айтуынша, бұған себеп-жауын-шашынның жиілеуі. Ең проблемалық аудандардың ішінен Әйтеке би ауданы көш бастап тұр. Тек қыркүйек айында мұнда жауын-шашын мөлшерден көп түскен. Бүгінде барлық зардап шеккен аудандарға сапар жасалып, егін жинау жұмыстарының барысына талдау жүргізілді. Жыл сайын облыс аумағындағы дәнді дақылдарды жинау жұмыстары тамыз айының ортасында басталады. Биылғы жылға тоқталсақ, Қарғалы ауданынан 60 %, Мәртөк ауданынан 54%, Хромтау ауданынан 62 % дәнді дақылдар жиналып отыр. Ең төменгі көрсеткіш Әйтеке би ауданында. Себебі, биыл егін жинау науқаны кезінде бұл аймаққа жауын көп түскен. Қазіргі кезде аймақта дәнді дақылдарды кептіру, сақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.Облыс бойынша дәнді дақылдардан бөлек көкөніс жинау жұмыстары жақсы қарқын алған. Себебі, биыл көкөністерді жинау жұмыстары 90 % - дан асып отыр. Айта кетейік, биыл жоспар бойынша егін шаруашылығынан 439 мың ГА өнім алу керек болса, қазір оның 214 мың гектары ғана жиналған.
Количество показов: 377
Дата создания: 21.09.2023 01:36:08