Өңірде дизель отынының бағасы тұрақсыз. Өткен аптада ақтөбеліктер жанармай бағасының қымбаттағанын айтқан болатын. Мәселен, дизель майының литрі 200-225 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ал бүгін кейбір жанармай құю бекеттерінде дизель майы мүлдем жоқ. Бағасы аспандап кеткен жанармай кей жерлерде талонмен берілуде. Шаруа қожалықтары дизель отынынан тапшылық көріп жатқандарын жасырмайды. Арзандатылған дизель майы бізде 13 теңгеге қымбаттаған. Батыс Қазақстандағы жоғары баға бізде. Оралда 6 теңгеге ғана қымбаттаған.Бүкіл техникасын сайлап, күздік дақылдарын егуге дайындалып отырған шақта ақтөбелік шаруалар бірнеше күннен бері дизель таппай тығырыққа тірелген. Жанармай бекеттерінде сұйық отын қолма-қол ақшаға сатылмай, тек талонмен беріліп жатыр. Дизель майының құны жаздан бері 13 теңгеге қымбаттаған. Батыс Қазақстандағы жоғары баға бізде. Ал Оралда 6 теңгеге ғана қымбаттаған. Айта кету керек, биыл облыстың шаруаларына бір жылға субсидиямен 18 мың тонна дизель отыны бөлінген. Оның жартысы көктемде үлестірілген.
Бүгінде кейбір жанармай құю бекеттерінде дизель майы мүлдем жоқ. Шаһарда дизель сатып жатқан санаулы бекеттегі баға шарықтап шыға келген. Литрі 200-225 теңге аралығында. Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментіндегілер өткен аптада қорда дизель отынының жеткілікті екенін мәлімдеген болатын. Енді аймақтағы қалыптасқан жағдайға мониторинг жасап жатқандарын жеткізді. Бірақ әзірге нәтижесін жариялаған жоқ.
Жанармай үшін шалғай ауданнан облыс орталығына қатынап жүрген шаруалар субсидиямен берілетін дизельді отын сақтайтын қоймалар ашуды сұрайды. Себебі жеңілдікпен берілетін отынды жеткізуге жауапты тасымалдаушының ауыл-аймақта бірде-бір бекеті жоқ.
Количество показов: 691
Дата создания: 27.09.2021 17:51:26
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>