Өңірде білім және өндіріс саласы бойынша мамандар жетіспейді
Бүгінгі таңда электрондық еңбек биржасында 1 658 бос жұмыс орны жарияланған. Өңірде білім және өндіріс саласы бойынша мамандар жетіспейді. Ағымдағы жылға жоспарланған жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарына сәйкес қала бойынша өтініш білдірген 16 744 адамның 11 955-і жұмысқа орналастырылды. Ағымдағы жылы электрондық еңбек биржасы арқылы 2 737 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылуда.
Қысқы мерзімді кәсіптік оқытуға еңбек нарығында сұранысқа ие тігінші, кондитер, шаштараз, аспаз сияқты мамандықтар бойынша 175 адам жіберілді. "Еңбек" бағдарламасы аясында өз ісін ашуға немесе кеңейтуге 918 миллион теңге көлемінде 93 шағын несие берілді. Ал 11 124 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Осы жылы 6 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі жоспарланған. Пандемияға байланысты жыл басынан бері 3 жәрмеңке өткізілді. Нәтижесінде 165 адам жұмысқа орналастырылған.
Количество показов: 644
Дата создания: 02.11.2021 20:06:13
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>