Өңірде азық-түлік бағасы бақылауға алынды
Ақтөбе базарларында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы тұрақты. Саудагерлер елімізде орын алған соңғы жағдайларға қарамастан тауар бағасы өзгермегенін және сөрелер толық екенін айтады. Ал, тұтынушылар болса күнделікті тұтынатын азық-түліктерінің қымбаттап кетуінен қауіптенеді.
Атап өтейік, бүгінде базарларда картоп келісінің бағасы 190-220 теңге аралығында, сәбіздің келісі 200 теңге, пияз - 100 теңге. Сиыр етінің келісі 1750-2000 теңге аралығында, жылқы еті - 2500 теңгеден түспейді. Әйтседе бұдан былай біздің өңірде азық-түлік бағасы қоғамдық бақылауға алынбақ. Бағаның негізсіз шарықтауына жол бермеу мақсатында облыстың үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы "қоғамдық штаб" құрды. Ұйым белсеніділері тұрғындардың өтініштерін қабылдап, азық-түлік құнына мониторинг жүргізіп отырады.
Атап өтейік, ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі де енді азық-түлік, әлеуметтік маңызы бар өнімдер мен газ, бензин бағасын, сондай-ақ, такси қызметтерінің құнын қадағалайтын болады. Осыған орай, барлық өңірлерде тәулік бойы жұмыс істейтін жедел желі іске қосылды. Ақтөбеліктер 8-771-791-33-91 нөмірі бойынша қоңырау шалып, өз өтініштерін қалдыра алады.
Количество показов: 679
Дата создания: 11.01.2022 19:34:41