Өңірде апатты мектептер мәселесі шешілер емес
"Мектептер жаңа оқу жылына дайын емес, ал білім басқармасының басшысы жиналысқа қатыспайды". Басқосуға келмей қалған облыстық білім басқармасының басшысын партия төрағасы сынға алды. Бүгін "Аманат" партиясы фракциясының кезекті отырысы осылай басталды. "AMANAT" партиясы фракциясының бүгінгі отырысы бұл жолы өзгеше басталды. Алдын ала дайындалған бағдарлама бойынша ең бірінші сөз кезегі облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтанға берілетін болған. Бірақ ол жиналысқа келген жоқ. Бұған қатты ашуланған партияның облысьтық филиалының жетекшісі Ербол Данағұлов келмей қалған басшының атына біраз сыни пікірлер айтып үлгерді. Ал, білім басқармасы басшысының орнына партия фракциясының отырысына келген басшы орынбасарының жауабына төраға қанағаттанбады. Білім беру саласында орын алып отырған олқылықтарды түзеу бойынша қойылған сұрақтарға басшы орынбасары мардымды жауап бере алмай қалды.Фракция отырысында білім беру саласындағы бірқатар шешімін таппай келе жатқан мәселелер сөз болды. Облыстық мәслихат 3 мың мүмкіндігі шектеулі балаға аранайы мектеп салу үшін біраз уақыт бұрын қаражат бөлген. Бірақ арнайы білім беру орталығы салынуда деген ақпарат әлі халық қалаулыларына жетпеген. Шұбарқұдықтағы 60-шы орта мектеп апатты жағдайда тұр. Мұндай оқу орындары аудандарда жетіп артылады. Мектептердің 18 пайызында спорт зал жоқ. Интерактивті тақтаны пайдаланып көрмеген мектептер де жетіп артылады.
Бүгін "AMANAT" партиясы фракциясының депутаттары "Халықпен бірге" сайлауалды бағдарламасы мен Жол картасы бағдарламасының орындалу барысын талқылады.
Количество показов: 420
Дата создания: 22.09.2023 01:34:56