Өңірде қант тапшылығы жоқ
Елімізде қант Алматы және Жамбыл облыстарында өндіріледі. Алайда, бұл кәсіпорындар республика халқының сұранысын түгел қанағаттандыра алмайды. Сондықтан, шекер Ресей мен Беларусь елдерінен импортталады. Алайда, қазір Ресей қант пен ұн экспортын тоқтатып қойды. Сондықтан, елімізге қант тек Беларусь мемлекетінен жеткізіледі. Кәсіпкерлік басқармасы басшысының мәліметінше, біздің өңірге жуырда 10 вагон - 600 тонна қант жеткізледі. Сонымен қатар, тұрақтандыру қорында 200 тоннадан астам қант бар. Сондықтан, ақтөбеліктерге қант тапшылығы орын алады деп алаңдауға еш негіз жоқ.
Количество показов: 531
Дата создания: 14.03.2022 17:17:06