Өңірде алаяқтық қылмысы өршіген. Соңғы екі жылда 1612 ақтөбелік алаяқтардың арбауына түскен. Тұрғындардың көбі ғаламтор арқылы саудаға келісіп, қаржы пирамидаларына тіркелу арқылы қаражаттарынан айрылып жатыр. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Мұрат Сейталин мәлімдеді. Алаяқтардан абай болуға шақыратын бейнероликтер мен ақпараттық буклеттер аялдамалар мен сауда орындары, қоғамдық көліктерге ілініп жатыр. Алаяқтықпен бірге өңірде өзгенің мүлкін тонау, қалта ұрлығы көп. Әсіресе қоғамдық көлікте ұялы телефонды қолды ету деректері көбейіп кеткен. Тәулігіне кемінде мұндай 2-3 дерек тіркеледі. Полицияға жазбаша арыз түсіргісі келмейтін жәбірленушілер де кездеседі. Күні кеше полицейлер он рет қалта ұрлығын жасаған үш қылмыскерді ұстаған. Қамауға алынғандардың жасы 35-40 шамасында.
Былтыр облыста 34 адам өлтіру дерегі тіркелген. Көп жағдайда қаза болғандар зорлық-зомбылықтың құрбаны. Жасалған қылмыстық істердің 95 пайызы ашылған. Бір адам өлтіру дерегі ашылмаған. Күдікті іздестірілуде.
Сондай-ақ, өткен жылы көлігін мас күйінде жүргізген 1451 жүргізуші жауапқа тартылған. Қарсылық көрсеткендер бір тәулікке қамауға алынған. 2021 жылы өңірде 86 мыңнан аса жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Количество показов: 597
Дата создания: 16.02.2022 18:46:38
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>