Өңірде 235 кітапхана бар.
Бүгін кітапханашылар күніне орай облысымызда түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Халықтың кітап оқу белсенділігін, мәдениет саласында қызмет көрстеудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, кітапханаларға оқырман тарту, елімізден шыққан талантты ақын-жазушыларды насихаттауда да кітапхананың маңызы зор. 2023 жылдың 9 ай есебі бойынша кітапханаларда 5000 нан астам мәдени іс-шара ұйымдастырылған. Оған 293 мыңға жуық адам қатысты.Қазір өңірімізде 235 кітапхана бар. Оның 4-уі облыстық, 16- қалалық, 12- аудандық, 12-аудандық балалар, 191 ауылдық кітапхана. Облыс бойынша кітапханаларда- 807 қызметкер, 520 кітапханашы бар.Количество показов: 390
Дата создания: 25.10.2023 00:54:18