Өңір басшысы Оңдасын Оразалин түнгі Ақтөбені аралады
Абай даңғылында гүл бағы жарықтандырылған. Биіктігі 11 метр, ұзындығы 40 метр болатын "Жұлдызды аспан" аркасы жасалған. Осындай арка триатлон саябағында да орнатылған. 150 нысан, соның ішінде Әбілқайыр хан, Абай, Ә. Молдағұлова даңғылдары, Тургенев пен Сәтпаев көшелеріндегі көп қабатты үйлерді декоративті жарықпен безендіру жұмыстары толық аяқталған.
Келер жылға Есет батыр көшесі абаттандырылады. Жол 4 жолақты болып кеңейтіледі. Сондай-ақ, облыс әкімі "Шахматшылар" және "Достық" гүлзарының абаттандырылуымен танысты. Мұнда жаңа шамдар қондырылып, талдар, кіре беріс арка жарықпен безендірілген. Орындықтар қойылған. Өңір басшысы облыс орталығын көркейту бойынша ауқымды жұмыстар келесі жылы да жалғасатынын айтып, жергілікті атқарушы органдардың басшыларына тиісті тапсырмалар берді. Ескі шағын аудандарды қалпына келтіріп, Ал "Нұр- Ақтөбе", "Батыс" сияқты жаңа аудандарды гүл бақтарымен, жарықпен, абаттандырылған аулалармен қамту үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар деп ойлаймын, деді Оңдасын Оразалин.
Қаланы аралау кезінде аймақ басшысы 58 LED жарықшам орнатылған Пацаев көшесімен де жүріп өтті. Жаңа жарықшамдар жолды жарықтандырады, әрі үнемді. Әкімнің түн жарымына дейін жалғасқан жұмыс күні Ә. Молдағұлова даңғылы мен С. Бәйішев көшесі қиылысында орналасқан 25 метрлік жарықтандыру бағанасын тексерумен аяқталды. Жолдардың неғұрлым қауіпті бөліктері мен қиылыстарында тағы сондай 7 бағана орнатылады. Айта кету керек, 2022-жылы қалада аса қауіпті жол учаскелеріне 18-ге жуық биік жарықтандыру бағаналарын орнату жоспарлануда.
Количество показов: 675
Дата создания: 31.12.2021 19:13:47