Өңір басшысы Оңдасын Оразалин "Рауан" елді мекені тұрғындарымен кездесті
Облыс басшысы Оңдасын Оразалин "Рауан" елді мекеніне барып, ондағы инфрақұрылым және жол құрылысы жұмыстарын тексерді. Биыл аталған елді мекенде 300-ге жуық үйге ауыз су мен жарық беріледі. Сондай-ақ облыс әкімі саябақтарда атқарылып жатқан абаттандыру жұмыстарымен танысып, жауаптыларға тапсырма жүктеді. Бұған дейін "Рауан" ауданының тұрғындары қысы-жазы жол азабы мен электр жарығының, ауыз судың зардабын тартып келді. Бүгінде өзекті мәселелер біртіндеп шешімін тауып келеді. Мәселен, биыл ұзындығы 2 шақырымнан асатын 4 көше жөнделді. Мердігер компания асфальттің бірінші және екінші қабатын төсеген. Сондай-ақ 3 шақырым 316 м жаяу жүргіншілер жолы салынды. Жоба құны 244 млн теңге. Сондай-ақ 280 үйге жарық пен ауыз су беріледі. Мұнда су тарату желілері жүргізілді. Жұмыс 95 пайызға бітіп тұр. Ал "Энергохолдинг LTD" серіктестігі 181 миллион теңгеге 5 трансформаторды орнатып, көшеге жарық шамдарын қондырады. Бұндай бастамаға аймақ тұрғындары ризашылығын білдіріп, өз ұсыныстарын айтты. Жаңадан салынып жатқан емхананың құрылысы жыл соңында аяқталып, кешікпей халық игілігіне берілсе деген ниетін жеткізді. Қазір қала көшелерінің басым бөлігінде суағар жоқ. Мәселен "Капитан Бриг" атракцион паркі маңына шалшық су көп жиналады. Биыл 6 көшеге арық салумен "Компания "Ремпут" серіктестігі айналысып жатыр. Құрылысқа 80 миллион теңге жұмсалды. Бұдан бөлек биыл қала әкімдігі су басу қауіпі жоғары 43 орынды анықтаған. Қызыл судан қорғану жұмыстарына 100 млн теңге бөлінді.
Биыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ғимараты күрделі жөндеуден өтті. "Бір терезе" қағидатымен барлық қызмет көрсету түрі 1- қабатқа ауыстырылған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалған. Биыл 49 мың жұмыссыз ақтөбеліктің екі қолына бір күрек табылған. Биыл сулы-жасыл гүлзар бойындағы "Шаңырақ" монументін қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Нысанды қайта жарақтандыруға жауапты "Нур-Бер 2006" ЖШС. Монумент қасбеті қалыпқа келтіріліп, саябақ орындықтары жаңартылады. Жоба құны 75 миллион теңге.
Количество показов: 570
Дата создания: 09.11.2021 19:59:25
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>