Ә. Молдағұлова халықаралық әуежайы 3 жылға сенімгерлік басқаруға беріледі
Әуежайды сатуға қатысты барлық жұмыс заңға сәйкес, электронды түрде жүргізіледі. 15 күннен кейін электронды портал алушыны өзі анықтайды. Сатып алушылар 7 миллиард теңгеден жоғары баға беруі керек. Ал аталған нысанға әзірге қызығушылық танытқан адамдар жоқ деді, облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров.
"Тәуелсіз сараптамалық бағалау" ЖШС өткізген бағалау іс-шараларының қорытындысы бойынша, мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес, әуежайдың құнын 7 миллиард 320 миллион теңгеге бағаланып отыр. Еске салайық, 2019 жылы Үкіметтің қаулысымен әуежай республикалық меншіктен, облыстың меншігіне өткен болатын. Биыл 1-наурызда құны 5 миллиард 900 миллион теңге болған.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша әуежайдың жылдық таза табысы 300 миллион теңге. Нысан өз шығынын өтеп тұр.
Количество показов: 557
Дата создания: 09.11.2021 20:00:39