«Үмітке» үміт сыйлаған демеуші
«Үміт» сәбилер үйі сал ауруына шалдыққан балаларға арналған жаңа жабдықтармен толықты. «Үміт» сәбилер үйінде 70 бала бар. Оның 23-і мүмкіндігі шектеулі сәбилер. 23-тің 7-еуі сал ауруына шалдыққан. Бұрын аталмыш аурудан зардап шеккен бүлдіршіндерді массаж арқылы, физиоем арқылы оңалтатынбыз дейді балалар үйінің ақ халаттылары. Ресейден алынған жабдықтар жүкті анағұрлым жеңілдетіпті. Оңалту жабдықтарының қатарында ортопедиялық үстел, стендер бар. Бұл жабдықтарды сәбилер үйіне Гүлім Тоқсанбаева есімді қайырымды жан тарту етіпті. Құны алты жүз мың теңгені құрайтын аппараттар Ресейден әкелінген, біздің қалада сатылмайтын көрінеді. Сәбилер үйіне көмегім мұнымен шектелмек емес дейді ол. Мұнан бұрын да сәбилерге жаңа жылға арнап мерекелер өткізіп, сыйлықтар таратыпты. Аталған шаралар мен жабдықты алғызуға өзінен бөлек балалардың тағдырына бей-жай қарай алмайтын туыс-достары қаржылай көмек көрсеткен. Мүмкіндігі шектеулі сәбилер мұнда алты жасқа дейін қалады. Онан кейін Астана, Қызылорда, Атырау қалаларындағы мүгедектер үйлеріне жіберіледі. Гүлнәр Төлебаева мүгедек балалар үйін біздің қаладада да салу жоспарда екенін жеткізді. Бір қуантарлығы Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі бала саны аз. Соңғы екі-үш жылда жалпы тастанды балалар саны да кеміген. Мәселен осыдан екі-үш жыл бұрын сәбилер үйін 200 сәби мекен еткен болса, қазір мұндағылардың саны 70. Сондай-ақ бала асырап алушылар да көбейген. Бірақ, әзірге сал ауруына шалдыққан сәбиді өз еркімен асырап алғандар жоқ. |
Количество показов: 2813
Дата создания: 16.04.2014 18:35:36