"Үміт" сәбилер үйінің ғимараты толықтай жаңғыртуды қажет етуде
"Үміт" сәбилер үйінің ғимараты толықтай жаңғыртуды қажет етіп тұр. 320 орынға шақталған сәбилер үйіне үлкен сыйымдылықты көлік керек. "Үміт" сәбилер үйінің басшысы Айгүл Бижанова бүгін ата-аналар мен мекеме демеушілері, қоғам белсенділері алдында осы секілді мәселелерді ортаға салды. Жиынға қалалық білім бөлімінің басшысы Меткүл Орақова да қатысты. Қазір сәбилер үйінде 24 тәрбиеленуші бар. Балалардың 90 %-ның туған ата-анасы бар. Сәбилерден толықтай бас тартпаған. Жеті жасқа дейінгі ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерді тәрбиелейтін бұл мекеме ғимараты жылдан жылға ескіріп келеді. Жиһаздары да ауыстыруды қажет етіп тұр. 320 орынға шақталған. Осынша сәбиді паналата алатын мекеме үлкен сыйымдылықты автобуспен қамтылмаған. "Үміт" сәбилер үйінің басшысы Айгүл Бижанова балдырғандарды қажетті жерлерге тасу қажет болғанда, демеушілер немесе қайырымды жандардың көмегіне жүгінетіндерін жеткізді. Сәбилер үйінің қажеттілігі осындай қолы ашық адамдардың есебінен өтеліп отыр.
Балдырғандарға уақытымен тамақ беріліп, қажетті ем-дом жасалады. Кеше ғана қаз-қаз басқан кішкентай балапанның тұсау кесіліпті. Бүгін мекемеге ақтөбелік ата-аналармен бірге мемлекеттік органдардың өкілдері бас сұқты. Сәбилер үйінің жай-күйімен танысты.
Қазір "Үміт" сәбилер үйінде 24 бала тәрбиеленіп жатыр. Бүлдіршіндерді аналары ұзақ уақытқа қалдырған. Мүгедек сәбилер де бар. Балалардың барлығы сауықтыру және оңалту клиникаларында емдерін алып тұрады. Сәбилерді көбіне Қостанай, Қарағанды, Атырау облыстарынан жұптар асырап алуға өтініш білдіріп отыратын көрінеді.
Количество показов: 536
Дата создания: 18.03.2022 17:01:58
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>