"Әлия" іздестіру жасағы Ресейдің Новгород облысына аттанды
"Әлия" іздестіру жасағына биыл 36 жыл. Осы жылдар аралығында іздестіру тобы Ресейдің ұрыс болған жерлеріне аттанып, қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Биыл да арнайы жасақ Новгород облысына аттанғалы отыр. Олар 10 күн бойы іздестіру жұмыстарын жүргізіп, табылған адамдардың бас - сүйектерін,олардың ұрыста қолданған қару - жарақтарын Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мемориалды музейіне әкеліп табыстайды.Келтірілген мәліметтерге сүйенсек, экспедиция барысында 3000 - ға жуық адамның сүйегі табылған. Ал, табылған қару - жарақтардың санында шек жоқ. Айта кетейік, "Әлия" іздестіру жасағының сапарына Ақтөбе мыс компаниясы қолдау көрсетті. Олар қаза тапқан қазақстандықтар жерленген орындарға экспедиция ұйымдастыруға қаражат бөлді.Количество показов: 386
Дата создания: 27.04.2024 07:36:56