ӘҚКӘ институтының қызметкерлері парамен ұсталды
Т.Бигельдинов атындағы әуе қорғанысы күштері әскери институтының екі қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Ақтөбе гарнизоны әскери прокурорының орынбасары Аманбек Тәжімішев мәлім етті. Әскери институт қызметкерлері 250 мың теңге пара алып жатқанда ұсталған. Біреуі капитан, екіншісі келісім-шарттағы сержант. Институт компьютерлер бойынша қызмет көрсететін компаниямен келісім-шартқа отырған. 2012 жылдың 31 желтоқсанында өз міндетін орындап болған кәсіпкер актіге қол қойғызбақ болғанда, әскерилер 250 мың теңге талап еткен. Ал кәсіпкер қаржы полициясына хабарласқан. Әскери қызметкерлер қазір тергеу қапасында отыр. Олардың кінәсі дәлелденді деуге жақын. Қылмыстық іс осы айдың соңында сотқа жолданбақ. |
Количество показов: 2234
Дата создания: 01.03.2013 19:01:21