Құбыр тартылған көшенің астаң-кестеңі шығып жатыр
Толстой көшесі ешқашан асфальтталмаған. Тұрғындары ондаған жылдан бері жол азабын тартып келеді. Көктем, күз, қыста бұл көшемен жүру мүмкін емес. Ми балшық, омбы қарға батып жатады. Дегенмен, тұрғындары бірде бір рет айқай шығарып, әкімдікке қол жайған емес. Алайда бүгін жағдай басқа. Онсызда асфальт немесе қиыршық тасқа жарымаған көшенің түрі одан да жаман күйге түсуі мүмкін. Толстой көшесінің тұрғындары бүгін жан айқайларын жеткізді. Себеп те жоқ емес. Көшенің бірнеше жеріне көлемі 3 метрлік су таратқыш құбыр салған мердігер мекеме жұмыстарын аяқсыз қалдырған. Бұл көшеде "Ақбұлақ" АҚ тапсырысы бойынша "Аквабилд" ЖШС-і жұмыс жасаған. Бірнеше апта бұрын шұңқырлар қазып, қазандықтар орнатылған. Бірнеше уақыт бойы ол құдықтардың беті ашық тұрған. Тұрғындардың қауіпсіздігін ойлаған ешкім болмапты. Ольга Дюльгер балаларды қуумен болдым дейді. Жуырда ғана құдықтардың беті жабылыпты. Мердігер мекеме басшысының сөзінше, барлығына уақыт керек. Дегенмен, осы насандағы жұмысты аяқтап, жолды түзеуге уәде берді.
Количество показов: 917
Дата создания: 17.09.2019 19:22:34