"Жеміс" бау-бақша ұжымы арнайы комиссияны күтуде
"АЗФ-1" саяжай аумағындағы "Жеміс" бау-бақша ұжымында бес жылдан бері тұрып жатқан бұл отбасының үйінің сау тамтығы жоқ. Қабырғалары сөгітіліп кетіп, үйдің ортасына түскен. Еденнің асты әлі суға толып тұр. Су деңгейі 80 сантиметрге жеткен кезде үй бір жағына қисайып қалды. Бірақ материалдық шығынды есептеуге шыққан арнайы комиссия бізді тасқыннан зардап шеккендердің тізіміне қоспай отыр. Әкімдіктегілер комиссия қайта барады дегеніне де он күннен асып кетті. Жұмысымызды тастап, күніміз комиссияны күтумен өтіп жатыр,- дейді Алтынай Оразбаева. Қазір саяжай тұрғындары қаладағы мектептерде тұрып жатыр. Су тасқынанан келген шығынды есепке алатын комиссия көп үйлерге кіріп үлгермеген. Бүгін ұжым басшысы қайырымды жандар жинап берген киім-кешек, балалар жөргегі сияқты бұйымдарды таратып жатыр. Бұл жерлерде екі жүзден астам отбасы тұрып жатыр. Қазір олардың дені мектептерге орналастырылған.Количество показов: 366
Дата создания: 16.04.2024 05:02:30