Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне тағылған айыптар әлі оқылып жатыр
«Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу», «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру», «Ұрлық», «Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу», «Билік өкіліне бағынбау» секілді бірнеше бап бойынша айып тағылып жатыр. Сотталушылардың мүддесін 40-тан астам адам қорғайды. Қорғаушы ретінде адвокаттармен бірге сотталушылардың туыстары мен заңды өкілдері де бар. Дені - 2016 жылдың қараша, желтоқсан айларында ұсталған. Оқиғаға қатысты күдіктілердің арасында Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті бастығының 1 орынбасары болған 55 жастағы Рахат Ақанов та бар. Ақанов Қылмыстық кодекстің «Лаузымын теріс пайдалану» бабы бойынша айыпталып жатыр.
Количество показов: 1617
Дата создания: 06.12.2017 18:57:50