Үйлері суға кеткен тұрғындар әлі де үйлерін кептіріп әлек
Шаһарда су басқан саяжайлардың қатарында Астана ауданына арасты Азхс-2 бау-бақша ұжымы бар. Тұрғындардың дені үйлеріне оралмаған да. Едендерін су алып, үйлерін сыз басқан. Қазір олар туыстарын жағалап жүр. Бертілеу Бекенбаевтың отбасы үлкен. Қолында келін баласы мен 7 немересі бар. Әлеуметтік осал топтағы отбасы қуықтай екі бөлмеде тұрып келген. Табиғи апат салдарынан бұл баспанасы енді тұруға жарамсыз. Келіні 7 баламен туыстарын жағалап жүр. Комиссия оң шешімін шығарса екен,-деп тілейді. Сылағы түсіп, қабырғасының қаптамалары опырылып тұрған үйде тұру қауіпті. Көп балалы отбасы жаңа баспанадан үмітті. Бертілеу ағаның жалғыз арманы бар. Ол немерелерінің жайлы үйде өмір сүруі. Көп балалы отбасы баспана кезегінде де тұр. Кезек жылжыр емес. "Осы үйді барынша кеңейтуге тырысып бағудамыз, алайда жылда су басып, еңбегімізді шәйіп кетіп жатыр,- дейді ол.Количество показов: 278
Дата создания: 25.04.2024 04:57:44