Үй кезегінде тұрғандарға жаңа мүмкіндік
Ертеңнен бастап мемлекеттік тұрғын үй қоры кезегінде тұрған адамдар "Самұрық Қазына" қоры арқылы салынған пәтерлерді сатып ала алады. Көп қабатты үйлерде 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлер бар. Негізгі талап бойынша тұрғындардың төлем қабілеттілігін қалалық тұрғын үй қоры тексереді. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі 19-шы тамыздан 29-шы тамызға дейін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бұл үшін Бөкенбай батыр көшесіндегі №155-ші үйге бару керек. Әуежайға қарама-қарсы салынған "Юнис Сити" тұрғын үй кешенінде қалалық тұрғын үй қорын есепке алу секторының қызметкерлері үміткерлердің төлем қабілетін анықтамақ. Қазір "Юнис Сити" тұрғын үй кешенінде 136 пәтер сатып алу, 341 пәтер алдымен жалға алу, кейін сатып алу бағыты бойынша берілмек. Ол үшін "Самұрық-Қазынаның" арнайы сайтына кіріп, дайын калькулятор арқылы төлем қабілеті есептеледі. Егер пәтер сатып алуға ниетті адамның жалақысы жеткілікті болса, төлем қабілеті "Темірбанк" арқылы ресми расталады. Кейін үміркелер тізіміне ілігеді. Ал арнайы комиссия бекіткеннен кейін "Жылжымайтын мүлік қоры" арқылы пәтер беріледі. Айта кетейік,тұрғын үй кешеніндегі 35 шаршы метрлік 1 бөлмелі пәтердің құны 5 миллион теңгеден басталады. Пәтерлердің бір шаршы метрі орташа есеппен 144 мың теңгеге жуық. Алғашқы жарна болмаса, 15 жыл бойы айына 45 мың теңге төлеу қажет.
Количество показов: 2088
Дата создания: 18.08.2014 19:13:05