Топан су астында қалған Кірпішті ауданының тұрғындары үйлеріне оралып жатыр
Кірпішті ауданындағы Эко бау-бақша ұжымының тұрғындарының үйлеріне оралғанына 2-3 күн болған. Үйлеріндегі жиhаз, тұрмыстық техника, ыдыс-аяқтың бәрі далада тұр. Кей үйлердің терезелері ашық, есіктері құлыптаулы. Үйді кептіріп кетсе керек. Шығында есептеуге комиссия келген. Бүлінген жиһаз бен техникаға дейін жазып алыпты. Шығынды есептеген. Бұл жақта тұрып жатқандардың дені- үкіметтен бөлінген бір реттік 300 мың теңгені алған. Суға кеткен тұрғындардың үйіне кіру мүмкін емес. Кіре сала ылғалдың иісі тынысыңды тарылтады. Ондай үйлерде әзірге тұруға жағдай жоқ. Үй толықтай кеуіп, жөндеуден өткесін ғана орламазы,-деп отырғандар бар. Қазір үйлерінің жарлары түскен, дүние-мүліктің де сау тамтығы қалмапты. Комиссия бәрін тізбектеп, есепке алды. Қаржы бөлінген бойда жөндеуге кірісеміз,-деп отыр жұрт.Количество показов: 312
Дата создания: 16.04.2024 05:00:01