Тіс дәрігерінің кесірінен сәби мерт бола жаздады
Тағы да дәрігерлердің біліксіздігі әшкере болды. Тісін емдетуге барған төрт жастағы Мәдина дәрігерлердің кесірінен екі рет пышаққа түсті. Анасының айтуынша, қалалық балалар тіс емханасында қызына дұрыс ем-дом жасалмаған. Емдеуші дәрігер баланың ауырсынғанына қарамастан тісіне пломб салып, шығарып салған. Мұнымен Мәдинаның жаны жай таппайды. Тамағы ісіп, нәр татудан қалған. Дәрігерлерге жағдайын айтып келген ата-анаға бұған біздің қатысымыз жоқ, облыстық балалар ауруханасына барыңдар, бұл- баспа деп шығарып салыпты. Облыстық балалар ауруханасына ауыр халде жеткізілген Мәдинаға шұғыл ота жасалды. Емдеген тістерінің асты іріңдеп, асқынып кеткендігі белгілі болды. Бүлдіршіннің сегіз бірдей тісін жұлып тастауға тура келген. Мәдина жансақтау бөлімінен бүгін ғана шықты. Қазір тиісті ем-дом жасалып жатыр. Қыздың анасын таң қалдырғаны- қалалық балалар стоматологиялық емханасындағылардың бейқамдығы болып отыр. Екі ай бойы қай тісіне ем-дом жасағанын дөп басып айта алмаған. Дәрігерлердің салғырттығы соңғы кезде жиілеп барады. Гиппократ антына берік кейбір ақ халаттылар балаларды тәжірибе құралына айналдыра бастаған сыңайлы. Ресейден ат терлетіп профессорларды шақыртып алып, балаларды сеніп тапсырып, ақыры мүгедек етіп тынды. Бұл жөнінде де айтқанбыз. Мәдина Байғондинаның жағдайын облыстың бас дәрігері Қайрат Сабыр өз бақылауына алатынын жеткізді. |
Количество показов: 2556
Дата создания: 12.10.2012 18:50:22