Мәжіліс депутаттары тұрғындарды қабылдады
Ал елім деп ата-баба жеріне оралған Сымбат Шамшетова баласының оқу ақысын төлей алмай жүр. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде құрылысшы мамандығы бойынша білім алып жатқан ұлы жылына 347 мың төлеуі тиіс. Бірақ, 5 баланың анасы отбасында тұрақты табыс жоқ екенін айтып, өткен жылдан бері жоғары оқу орнына қарыз. Бақытқожа Ізмұхамбетов университет проректоры Мұхтар Мировқа студентті оқудан шығармау жөнінде тапсырма берді. Бүгін Мәжілістің қос депутаты 5 мәселені қарап, тиісті жауабын берді. Алдағы уақытта олар аудандарды аралап, халықпен кездеседі.
Количество показов: 1963
Дата создания: 05.01.2017 18:58:42