Ақтөбеге филолог ғалымдар жиналды
Абат Шамұлы - фольклортанушы ғалым. Сейіт Қасқабасов бастаған филологтартар конференциясының негізгі бөлігі фольклортанудың қазіргі бағыттарына арналды. Мифопоэтика, лингвофольклортану, топонимдік фольклордың қыр-сыры талқыға түсті. Ғалымның әдебиет саласындағы ғылыми жолы сараланып, әріптестері мен замандастары ой бөлісті. Фольклормен қатар ғылыми жиында түркі дүниесіне ортақ рухани мұралар, ономастика және өлкетану мәселелері, елтану және шетел халықтарының дәстүрлі мәдениеті жөнінде де сөз қозғалды. Рухани жаңғырудың бір бөлігі өлкетану болса, Абат Пангереев өңіріміздің өлкетануына үлес қосқан ғалым. Негізінен әдебиетші ғалымдар бас қосқан мұндай жиын өңірімізде жиі өтеді. Ал, оның маңызы неде, қандай нәтиже бермек?...
Количество показов: 1279
Дата создания: 25.01.2019 17:45:59