Ақтөбеде Спорт күні өтті
Спорт - денсаулық кепілі. Сенбі күні ақтөбеліктер Тұңғыш Президент атындағы саябақта спорт күнін атап өтті. Ақтөбенің спортта жеткен жетістіктері аз емес. Ақтөбе талай спортшының қанатын қатайтып, үлкен жарыстарға жолдама берген мекен. Ақтөбе - Қазақстандағы ең футболды өңір. Бұл біздің облысымызға лайықты берілген бағалар. Спорт күнін жаппай ел болып атап өтудің өзі де біздің спортты қолдайтынымызды тағы бір дәлелдеді. Ақтөбеде палуан Бақтыбай Қисықовты білмейтіндер кемде-кем. Ол облыс қана емес еліміз бойынша қазақ күресінің майталмандарының бірі. Екі дүркін әлем чемпионы, ел ішінде алмаған жүлделері аз. Ақтөбенің атын асқақтатып жүрген палуан күресті кәсібі деп білсе, өзге спорт түрлерін қалыпты әдетіне айналдырған. Спорт оның өмірінің мәніне айналған. Ол жерлестерін де деннің саулығы үшін тәннің саулығын ұмытпауға шақырды. Ал былтыр өткен халықаралық жарыста Бразилия джиуджитсуынан қола медаль алған Нартай Қажековтің арманы әлем чемпионы болу. Өзінен кейінгілерге үлгі болып, бапкерлік мансап бастау. Орталық саябақтағы спорт думанына қала әкімі Ерхан Омаров та келді. Шаһар басшысы ең үздік спортшыларды марапаттады. Олардың арасында мүмкіндігі шектеулі жандар да бар.
Количество показов: 1975
Дата создания: 18.08.2014 19:11:41