Ақтөбеде соңғы аптада 200 ден астам нәресте дүниеге келген
103 нөміріне 17-24 сәуір аралығында тұрғындардан 7 113 қоңырау түсіп, оның 6 382-не қызмет көрсетілді. Ишемиялық инсульт, жүрек сырқаты мен балалар арасында жедел респираторлы вирус көп. Бір аптаның ішінде 1 580 науқасты делео жәрдем каретасы ауруханаға жеткізген. Ал 23 адам ақ халаттылар бригадасы жеткенше көз жұмған. Жедел дәрдем мамандары жазғытұры уақытта жол апаты көбейетіндігін айтып, дабыл қағуда. Жүйіткіп жүретін жүргізушілерге скутер, мопед иелері қосылады. Мәселен, тек соңғы бір аптада 49 жол апаты бойынша шақырту түскен. Арасында мотоцикл айдағандары да бар. Осы орайда ақ халаттылар жолда абай болуға шақырады. Өңірде 14 адам өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Абырой болғанда, дәрігерлер дер кезінде жетіп, оларды аман алып қалған.Количество показов: 281
Дата создания: 25.04.2024 04:59:46