Ақтөбеде "Пиротехника" жедел алдын алу шарасы басталды
3-ші қаңтарға дейін полиция республика аумағында екі кезеңнен тұратын "Пиротехника" жедел алдын алу іс шарасын өткізетін болды. Шара кезінде жаңа жылдық отшашулар сататын тұлғалар бақылауға алынады. Сертификатталмаған өнімдердің балалар денсаулығына зияны орасын зор. Оқыс оқиғалар жыл сайын қайталанып тұрады . Алдын алу шаралары белгіленген уақытта үздіксіз жүргізіледі дейді, тәртіп сақшылары. Полиция жастар ресурстық орталығымен бігіріп, базарлар мен сауда орындарын тесеруді бастап кетті. Мектеп оқушыларына қауіпсіздік шаралары туралы дәрістер оқылады. Полиция елді мекендерде қолдан жасалған пиротехникалық өнімдерді тәркілеп, оны пайдаланушыларға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салатын болады.Количество показов: 319
Дата создания: 10.12.2024 07:08:05