Ақтөбеде екі жаңа нысан іске қосылды
Ал, Шалқар ауданындағы «Бозой» жерасты газ сақтау қоймасының «Газды құрғату қондырғысының» қуаттылығы тәулігіне 27 миллион текше метр. Қайта жаңғыртылған газ инфрақұрылымының нысаны «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мемлекеттік индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы шеңберінде салынған. Табиғи газ қондырғының көмегімен тек Ақтөбе ғана емес, еліміздің оңтүстік өңірлеріне жеткізіледі. «Бұқара-Орал» және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырлары арқылы көгілдір отынды тасымалдау қуатын арттырып, жылыту мауысымында сапалы, үздіксіз газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Алда тауарлық газдың халықаралық транзиті жүзеге аспақ. Көгілдір отын Ресей, Өзбекстан мен Қытайға жіберіледі.
Количество показов: 1427
Дата создания: 06.12.2017 18:57:52