Ақтөбе көшелеріне биыл қосымша 130 бақылау камерасы орнатылуда
Мобильді, әрі жылжымалы камералар қала көшелерінің барлық бөлігіне орнатылады. Жүйелер "Арқан-қиылыс" және "Арқан-аралық" деп аталады. Камералардың көбеюі қалада әкімшілік заңбұзушылықты азайтуға бағытталмақ. Бұл камералар жолдағы қозғалысты бақылаудан басқа кез-келген жерге қоқыс тастап, қаланы ластайтындарды анықтау, ұсақ-ірі бұзақылық, тіпті қылмыстардың бетін ашуға көмектеседі. Мәселен, "Арқан-бұрылыс" желісі жылдамдықты, қарсы жолаққа шығып кетуді қадағалайды. Бұл камералар Сәңкібай батыр даңғылы- Пацаев көшесі , Пацаев-Маресьев , Әкімжанов-Қонаев, Есет батыр-Қалдыаяқов, Уәлиханов-Жаңқожа батыр, Жаңқожа батыр-Некрасов көшелеренің қиылыстарында орналасады. Бұл камералардың арқасында көліктердің мемлекеттік нөмірлері анық көрініп, "стоп" белгісінен асып тоқтауға дейінгі жол қозғалысы бақыланады.Камералар көлік жүргізушілері жылдамдықты сәл асырса да суретке түсіреді. Мұндай бақылау Нокин, Бәйішев көшелері, Заречный -1 аудандарын да қамтиды. Айта кетелік, жаңа камералар бірнеше метр жердегі суретті сапасын кетірмей-ақ үлкейте алатын қасиетке ие. Камералар АҚШ және Қытайдың "Axsis", "Huawei" маркасының өнімдері.
Количество показов: 1119
Дата создания: 16.01.2019 19:08:16