Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжіне 80 жыл толды
Бүгін көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжіне 80 жыл толды. Білім ордасын осы уақыттың аралығында 26 мыңнан аса түлек бітіріп шыққан. Оқу орнының мәжіліс залында өткен мерекелік шараға ардагер оқытушылар мен Ресейден шақырылған әріптестері қатысты. Және арнайы қонақ ретінде келген облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова үздік қызметкерлерге алғыс хаттар мен 1 млн теңгенің сертификатын табыстады. Республикалық деңгейде үздік кәсіптік білім беретін оқу орынында қазір 15 мамандық бойынша студенттер білім алып жатыр. Ең сұраныстағы "автоматтандыру, байланыс" мамандықтарында ер балалар мен қоса қыздар да оқып жүр. Студенттерге 150-ге жуық оқытушы білім береді. Мамандардың 65-інің жоғары санаты бар . Колледжде екі жатақхана бар, оның біреуі қызметкерлеріне арналса, екіншісінде 300-ге жуық студент тұрады. Айта кетерлігі, оқытушылар түлектер оқуды бітіре салысымен 100 пайызға жұмысқа орналасады деп ақтарынан жарылды. Құттықтаудан соң жиналғандар "Инновациялық үлгілерді жоғары дәрежеде қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлау" атты республикалық конференцияға қатысты. |
Количество показов: 8398
Дата создания: 01.11.2012 18:59:27