Биыл өңірде 30 көшенің атауы өзгеруі тиіс
Биыл өңірде 1 елді-мекен мен 30 көшенің атауы қайта өзгереді. Облыс орталығындағы, Байғанин және Шалқар аудандарындағы 61 көшеге атау беру жоспарланып отыр. Ал, аймақтағы мемлекеттік тілді меңгерген ересектердің үлесі 86,2%. Қоғамдық өмірде қазақ тілін қолданатындар 82%. Облыстық тілдерді дамыту басқармасы мамандары былтыр атқарылған жұмыстарды қорытындылап, жоспарлармен бөлісті.Аймақта "Көркем тіл - көрікті жарнама" жобасы қолға алынған. Өңір бойынша 570 нысанда түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жарнамаларға мониторинг жүргізіліп, 3098 жарнама мәтіні сарапталған. Нәтижесінде 990-ға жуық заңбұзушылық анықталды. Түзетілгендер саны - 765. Облыс орталығы мен орыс тілді орта қалыптасқан Хромтау, Қарғалы және Мәртөк аудандарында тегін әрі жедел оқыту жүйесі жұмыс жасайды. Ересектер мемлекеттік тілді үйрету курстарында білім алады. Бүгінге дейін 1700 адам білім алған. 500-ден астамы өзге ұлт өкілі.
Количество показов: 345
Дата создания: 14.02.2025 06:35:09