Жаңақоныс-4 ауданының тұрғындары қоғамдық көлікке зәру
Жаңақоныс тұрғындары бүгін облыстық әкімшілік алдына жиналды. Олар ауыл ішіне қоғамдық көлік сұрап жүргенімізге көп болды,-дейді. ТҮКШ, қалалық әкімшілікке де барған. Алайда, ақ жағалылар "бұйырса боладымен" шығарып салған. Қаладан қашық тұратын аудан тұрғындары көбіне таксиге мінеді. Тапқан-таянғанымыз күнкөріс пен қоса жолымызға кетеді, деп налиды. Ауылдың үстімен өтетін №37 ші автобус бар. Оның өзі трассамен ғана жүреді. Кейде тоқатамай да кетіп қалады. Ал жолдың бойына жету үшін 1,5-2 шақырым жаяу жүруге мәжбүр.Жаңа қоныс-4 жаңа ауданында халық саны күн санап артып келеді. қазір мұнда 500 ге жуық отбасы тұрып жатыр. Балалар үйірмелерге, зейнеткерлер емханаға, жастар жұмысқа, студенттер сабаққа күнде қатынауы тиіс. Алайда ауыл тұрғындарының көрген күні осы. Ауыл тұрғындарының шуын естіп, жергілікті билік өкілдері де жеткен. Астана ауданы әкімдігінің мамандары мәселенің алдағы уақытта шешілетінін айтыпты.
№37 ші автобус енді ауылдың ішіне кіруі тиіс. Бірақ, дәл қай күні екенін нақтылаған жоқ. Әзір схема әзірленіп жатқанын ғана айтты. Жаңақоныстықтардың күтуден басқа амалы жоқ.
Количество показов: 261
Дата создания: 14.02.2025 06:32:50