№51 гимназияда әкелер форумы өтті
Отан отбасынан басталады. Баланың бойына ұлттық құндылықты сіңіретін де әуелі отбасы. Ал бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі зор. "Отағасы" тек материалдық жағдайға емес, баланың болашағына, үйдегі атмосфераға да жауапты.Өйткені, бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, тегіне тартқан дейді. Сондықтан әке балаға- үлгі болуы тиіс. №51 гимназияда өткен форумның мақсаты да осы. Әкенің қадір-қасиетін арттыру. Дәстүрлі форум биыл өзгеше өтті. Қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды. Әкелердің бірі бүркіттің қасиетін баяндаса, енді бірі құмай тазымен аң аулау тәсілін көрсетті.Тағы бір ұлттық өнегені дәріптейтін- бала тәрбиесіндегі қазақтың бір озық үлгісі-әжелер мектебі. Әже тәрбиесін көрген бала мейірімді, дана әрі пысық болады, дейді сарапшылар. Ақтөбеде "Ақ жаулықты асыл жандар" атты әжелер мектебі, өзінің 1 жылдығын атап өтті. Құрамына 10 ға жуық әже мүше. Шара Бекқұл баба ауылында орналасқан №76 мектепте өтті. Шара барысында ақ жаулықты әжелер ұршық иіріп, кесте тігуді, құрақ құрап, ою салу өнерлерін көрсетті. Диірмен тартып, тары түю әдісі де көрініс тапты. Сарапшылар ұлттық құндылық, патриотизм, бұқаралық спорт, инклюзия, өмірлік маңызды дағдылар, отбасылық білім мен демалыс ұрпақ тәрбиесінде маңызды дейді. Сондықтан осындай шараларды жиі болуы- жас ұрпақтың болашақта дұрыс тәрбие алуына үлкен ықпалын тигізеді, дейді ұйымдастырушылар.
Количество показов: 368
Дата создания: 26.02.2024 21:16:36