Ырғыздағы жол апаты: Көлік жүргізушісі 5 жылға сотталды
Жол апаты өткен жылдың соңында, Ырғыз ауданында болды. Жаныс би аулынан шыққан Тойота-Альфард көлігінде бес оқушы мен екі педагог болған. Мұғалімдердің бірі көлік тізгінінде отырған. Тайота-Альфард қарсы бетке шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысады. Салдарынан, екі оқушы мен мектеп директорының орынбасары сол жерде жан тапсырды. Ал жүргізуші ауруханаға түсті. Ол мектепте ұйымдастырушы-педагог болып жұмыс істеген. Іс бойынша жалғыз айыпталушы да өзі. Бүгін ол сотта соңғы сөзін сөйледі. Жауапкершіліктен қашпайтынын алға тартты. Туған қарындасы мен тағы бірнеше адамның өмірін қиған жол апаты өмір бойы жүрегіне дақ салғанын жеткізді. Іс материалына сүйенсек, Ырғызға барар жолда қарсы бағытқа шығып кетіп, рөлге ие бола алмай, Қырғызстан азаматы жүргізіп келе жатқан Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан екі оқушы мен бір мұғалім қаза тапқан болатын. Айыпталушының соңғы сөзінен кейін, көп үзамай үкім де шықты. Мемлекеттік айыптаушы 25 жастағы Жандос Шәмшаддинге 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын. Сот үкімімен айыпталушыны 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сот заңды күшіне енген жоқ. Айыпталушы жақ сот үкімімен келіспесе, апелляцияға беруге құқылы.Количество показов: 329
Дата создания: 12.03.2024 22:37:30