Волонтерлар қариялардың ауласының қарын күреп берді
Бүгін ақтөбелік жастар жалғызбасты қарттарға кол ұшын созды. Үйлерінің ауласына жиналған қарды шығарды. Себебі күн жылынған кезде қар суы үйге кіруі мүмкін. Шараға қалалық ресурстық орталығы мұрындық болып отыр. Ұйым жанынан құрылған еріктілер тобы түске дейін 4 жеке үйдің маңын тазартуды міндетіне алған. Түс қайта 3 үйге барды. Жалпы шаһарда мұндай көмекке мұқтаж адам көп. Олардың қатарында мүгедектер, қариялар мен жалғызбасты аналар бар. Колледж және жоғары оқу орнындарының студенттері топ-топқа бөлініп, барлығын қамтуды көздеп отыр.Қала бойынша 29 волонтерлық топ тіркеулі. Оларға 2800 адам мүше. Жыл сайын еріктілердің қатары көбейіп келеді. Владимир Семенюк-Брюховеский 75 жаста, қария әзір жалғыз тұрып жатыр. Жастардың мұндай әрекетіне дән риза. Тіпті жиі келіп тұрса да қарсы емеспін,-деп бөліседі қамкөл жан. Қайырымды жастар өзгелерге үлгі болуы тиіс деген пікірде. Атап өтерлігі, ақтөбелік волонтерлер қыста қар күреумен қатар, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларына азық-түлік себеттерін жеткізуге, қарттарға ағаш жаруға және коммуналдық қызмет мамандарына ыстық шай таратуға көмектеседі. Жастар ресурстық орталығы шаһарымыздың 155 жылдығына орай "155 қайырымды іс" атты акция бастады. Бүгінгі шара соның бастау ғана.
Количество показов: 352
Дата создания: 19.03.2024 23:22:50