Вице-премьер Асқар Жұмағалиев Ақтөбедегі әлеуметтік нысандарды аралады
Болашақ ауданында орналасқан білім ордасы 600 балаға шақталған. Заманауи құрылғылармен жабдықталған мектеп автоматтандыру технологиясына көшкен. Жұмыс сапарымен келген вице-премьерге онлайн білім беру жүйесі көрсетілді. Ақтөбеде 79 жалпы орта білім беру ұйымы бар. 60 пайызы ғана электронды күнделік қолданады. Олардың ішінде № 68 мектеп, 11, 10 мен №6 шы мектептер бар. Жаңа жүйеге қосылуға ешкім мәжбүрленбейді. Оны әркім өз қалауымен қолдануға құқылы. Сондай-ақ, баланың мектепке нешеде келіп, қай уақытта шыққанын бақылайтын карта бар. Электронды күнделік ата-ананың көңіліне емес, баланың біліміне қарайды,-дейді ұстаздар. Өйткені, базаға кеткен бағаны кейін өзгерту мүмкін емес. Тоқсандық бағаны да компьютер шешеді. Ал ата-ана перзентінің үлгерімін тәулік бойы қарау мүмкіндігіне ие. Сонымен бірге, тақырыптық форумдар өткізуге, фотосуреттермен алмасуға, ыңғайлы уақытта кез-келген ата-анамен немесе мұғаліммен байланысуға да болады. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің айтуынша жаңа жүйеге өту мұғалімдер үшін тиімді. Педагогтар қағазбастылықтан арылады. Асқар Жұмағалиев білім саласымен қоса медицина мен байланыс салаларындағы цифрландыру жұмыстарымен де танысты. №3 қалалық емханаға ат басын тіреген мәртебелі мейман, мемлекет басшысының цифрлы технологиялар арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру тапсырмасын орындау қажеттігін атап өтті.
Количество показов: 1422
Дата создания: 14.03.2018 18:32:37