Туберкулездің емі бар!
Туберкулез -ауа тамшылары арқылы жұғатын және aғзағa туберкулез бактериялары түскенде дамитын созылмалы жұқпалы ауру. Адам ағзасының тырнақ пен шашты қосқанда, барлық органдары мен тіндерін зақымдайтын туберкулездің өкпеден тыс түрлері де дамуы мүмкін. Бұрын құрт ауруынан өлім-жітім көп болса, қазір жағдай бөлек. Аурудың емі бар. Ол үшін жылдап ауруханада жатудың қажеті жоқ. Бүгінгі шараның мақсаты да осы. Фтизиатрлар арасында тәжірибе алмасу. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және Халықаралық туберкулезбен және өкпе ауруларымен күрес одағы 24 наурызды ресми түрде Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні деп атауды ұсынды. №3 қалалық емханада құт ауруына қарсы айлық өтіп жатыр. Емхана дәрігерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, салауатты өмір салтын насихаттауда.Бүгінгі шара зияткерлік байқау түрінде өтті. Ақ халаттылар тақырыпқа сай суреттер салып жарысты, аурудың алдын алу, емдеу тәсілдерін ортаға салды.Количество показов: 309
Дата создания: 13.03.2024 20:45:33