Тасқыннан зардап шеккендердің шығыны қалай өтеледі
Жіңішке өзенінің де су тасу қаупі жоғары. Оған 2017 жыл дәлел. Осыдан 7 жыл бұрын бұл аумақты түгелдей су шайып кеткен болатын. Жақын маңда орналасқан АЗХС-4 бау-бақша ұжымы биыл жолымыз болды,-деп қуанып отыр. Қауіп туралы естіген бойда, дереу құтқарушыларға хабарласқандарын айтады. Бұл жолы алдын алу шараларының арқасында қызыл судың үйлерге кіруіне жол бермеген. Жергілікті әкімшілік пен бірлесіп құм төгіп, қоршаулар жасап баспаналарын аман алып қалғандарын айтады. Әйтсе де, су бірнеше үйге жеткен. Шығынды комиссия анықтауда. Әзірге Астана ауданы тұрғындарынан 60 шақты арыз-шағым түскен. Бүгін комиссия мүшелері әр үйді аралап, тұрғындармен сөйлесті. Шығынды бағалау мақсатында арнайы топ та құрылған.Материалдық зардап шеккендер төтенше жағдай туындаған күннен бастап30 күннің ішінде жергілікті атқарушы органдарға материалдық залалды өтеу туралы өтініш берулері керек.
Өтініш тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде келтірілген залалдың мөлшері бағаланып, зардап шеккен үйлерді қалпына келтіруге қаражат бөлінбек.
Количество показов: 369
Дата создания: 02.04.2024 08:55:04