Су тасқынан зардап шеккендерге берілетін төлемақыны банктер ұстап қалып жатыр
Екінші деңгейдегі бірнеше банктің үстінен шағымданданғандардың мәселесі бүгін қоғамдық кеңес отырысында қаралды. Банкке бережағы барлар бір жолғы берілетін жәрдемақыларын да ала алмаған. Қоғамдық кеңес мүшелері банк басшыларына хат жолдап, ең алдымен осы мәселені қолға аламыз деп отыр. Саяжай иелерінің де айтар шағымы аз емес. Кейбір мүлік иелерінің құжаттары жоқ. Талап бойынша құжаты жоқ үй иелеріне де көмек көрсетілуі тиіс. Ал, кеңес отырысында сөз алған төтенше жағдайлар департаментінің өкілі әлі де қауіпті аймақтар бар екенін жеткізді. Қостанай облысынан келетін су Ырғыз ауданына қауіп төндіріп тұр. Сондықтан бар күшті осы ауданға салып жатырмыз,- дейді төтенше жағдайлар департаментінің маманы.Облыс аумағында су тасқыны салдарынан 271 тұрғын үй қирап, 94 үй апатты жағдайда тұр. Оншақты елді мекенде жол жоқ. Қазіргі кезде арнайы комиссия үй үйді тексеріп жатыр. Апатты жағдайдадағы үйлер саны әлі еселеп артуы мүмкін,- дейді қоғамдық кеңес мүшелері
Количество показов: 574
Дата создания: 13.04.2024 06:06:22