Мектептерді паналаған саяжай тұрғындары өз баспаналарына оралып жатыр
Құрмыш ауданындағы "Ескі Ет комбинаты" бау-бақша ұжымын да ағынды су алып өткен болатын. Тұрғындар эвакуациялық пунктреге орналастырылып, үйлеріне енді оралып жатыр. Зардап шеккендердің бірі Татьяна Юдина. Өз баспанасына оралғанына 3-ші күн болыпты. Пәтер жалдап тұрған едік, ақысын көтеріп жібергесін, өз үйімізге қайтуды жөн көрдік,- дейді ол. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың үрейі әлі басылар емес. Бүкіл дүние-мүлкінен айырылғандар жаңа зат пен жиһаз алуға қорқады. Өй үйлеріне оралса да, мұндай табиғат апаты қайталануы ықтимал,-деп отыр. Сондықтан ескіні місе тұтпақ. Қала әкідігі жанынан құрылған комиссия келіп, шығынды есептеген. Кей адамдар жаңа баспана сұраса, енді бірі шығынды өтеп, суға кеткен баспанамызды қалпына келтіруге ақша берсе жеткілікті,-дейді. Көп балалы ана Жанар Жолымбетованың Арал қаласынан көшіп келгеніне 5 жыл болған. 6 баланың анасы. Кішкентайы небары 5 айлық. Осы уақытқа шейін емшектегі сәбиімен мектепті паналаған ол өз үйіне оралыпты. Бір кештің өзінде жаққан көмірдің есебі жоқ. Үй бәрібір ылғал. Үкімет берген 300 мың теңге көмірге ғана кетуде,-деп налиды көп балалы ана. Жанар Жолымбетованың балалары кішкентай. Емшектегісі 5 айлық. Отағасы дөңгелек жөндейтін цехта істейді. Балаларының денсаулығына алаңдаулы ана, жұбайының цехына барып түнемек. Әлеуметтік осал топтағы отбасы үйлеріне газ кіргізбегеніне өкінеді. Себебі бір айлыққа қарап отырған отбасының тапқан-таянғаны күнделікті ішкен-жегенінен ауыспайтын көрінеді. Әйтсе де тұрғындар бір реттік 300 мыңды алып үлгерген. Жалпы осы уақытқа дейін ақтөбеліктерге жергілікті бюджеттен 352 млн теңгеден астам біржолғы төлем берілді. 1424 құжат қабылданып, комиссия шешімімен 1088 отбасыға төлем жүргізілді.Количество показов: 289
Дата создания: 17.04.2024 04:49:17